Біз, жастар, осы құндылықтарды сақтап, оны болашаққа жеткізуге міндеттіміз. Қанша ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқанымыз – біздің бірлігіміздің айғағы. Бір-бірімізді сыйлап, түсіне білгенде ғана еліміз дамып, бейбітшілігіміз нығаяды. Жас буын ретінде біз әрқашан бірлікті, өзара қолдауды және ынтымақтастықты алдыңғы орынға қоямыз. Өйткені татулық бар жерде – тұрақтылық, тұрақтылық бар жерде – жарқын болашақ бар.
Сандуғаш Калиева- волонтер
