Сонда түйгенім – елдің ең үлкен қуаты бірлік пен татулықта екен. Ауылда да, қалада да адамдар бір-біріне сүйеніш болып, қиындықты бірге еңсеріп отырды. Ұлтына, дініне қарамай, барлығымыз бір шаңырақ астында тату өмір сүрдік.
Достық пен келісім бар жерде ғана береке болады. Бүгінгі бейбіт өміріміз – соның айғағы. Ендігі тілегім – өсіп келе жатқан жас ұрпақ осы құндылықтарды қадірлеп, болашаққа аман жеткізсе екен. Сонда ғана Қазақстанымыздың іргесі берік болып, еліміз әрдайым ынтымақ пен бейбітшіліктің ордасы болып қала береді.
С.Баймурзин-Зеренді ауданы Билер алқасының бас биі
