Кешегі өткен тарихымызға көз салсақ, қаншама қиын кезеңдерде де елдігімізді сақтап қалған осы ынтымақ екенін көреміз. Достық пен келісім – тек ұран емес, ол күнделікті өміріміздің негізі, әр шаңырақтың берекесі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай: «Бейбітшілік пен тұрақтылық – біздің ең басты жетістігіміз». Бұл сөздің астарында терең мән жатыр. Расында, татулық болмаса, даму да, болашақ та болмайды.

Ардагерлердің парызы – осы құндылықтарды жастарға жеткізу, ал жастардың міндеті – оны көздің қарашығындай сақтап, болашаққа аман жеткізу. Сонда ғана Қазақстанымыз әрқашан достық пен келісімнің алтын бесігі болып қала береді.

З. Қазияқпарова — Зеренді ауданы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары