Біз үшін ең үлкен қуаныш – ұрпағымыздың тату-тәтті, бір-біріне сыйластықпен қарап, достық пен келісімде өмір сүруі. Әр үйдің берекесі ананың жүрегінен басталса, бүкіл қоғамның тыныштығы да адамдар арасындағы түсіністіктен бастау алады.
Қазіргі көпұлтты елімізде түрлі дәстүрлер мен мәдениеттердің тоғысып, бір шаңырақ астында жарасым табуы – үлкен байлығымыз. Әр ұлттың салты мен өнері, тілі мен тарихы қымбат, ал барлығын біріктіретін ортақ құндылық – Отанға деген сүйіспеншілік.
Аналардың арманы – жастардың жүрегінде мейірім, жанарында үміт, бойында елге деген адалдық болуы. Достық пен келісім сақталса, болашақ ұрпағымыз бейбіт күннің қадірін біліп өседі. Біз, аналар, әрқашан осы жолда жастарға ақ батамызды беріп, бірлік пен берекенің дәнекері бола береміз
Гүлнар Ибраева — Зеренді ауданы аналар кеңесінің төрайымы
