Бұл — кездейсоқтық емес, ұлттар мен мәдениеттердің өзара құрметі мен түсіністігіне негізделген саналы таңдау.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан қоғамы бірлік пен тұрақтылықты басты құндылық ретінде ұстанып келеді. Бұл қағидаттар елдің дамуына, түрлі этнос өкілдерінің өз болмысын сақтай отырып, ортақ болашақты бірге құруына мүмкіндік берді.
Бірлік — бұл тек ұран емес, бұл күнделікті өмірдегі әрекет, тілектестік пен ортақ жауапкершілік. Қазақстан үлгісінде біз әртүрліліктің байлыққа айналатынын көріп отырмыз. Қ. Албаев- Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі
