Мұнда әр халық өз мәдениетін еркін дамыта алады. Бұл бейбітшіліктің айқын көрінісі. Достықтың арқасында түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақ астында өмір сүруде. Ортақ құндылықтар халықтарды жақындастырады. Мемлекеттік тіл баршаға ортақ байланыс құралына айналып келеді. Ұлттар арасындағы сыйластық күн сайын артуда. Ассамблея сынды ұйымдар келісімді нығайтады. Әр азамат өзге ұлтты түсінуге үйренуі керек. Төзімсіздік қоғамды әлсіретеді. Ал татулық елді алға бастырады. Сондықтан келісім – ел болашағының кепілі.

Ляззат Адилова -Зеренді аудандық ауруханасының лаборанты