Халықтар достығы ел ішіндегі тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Әр ұлттың өзіндік орны мен үлесі бар. Осы алуан түрлілік елімізді ерекше етеді. Өзара құрмет ортақ сенімді қалыптастырады. Сенім қоғамды алға жетелейді. Бірлік бар жерде болашаққа сенім мол болады. Осындай ортада тәуелсіздік нығая түседі. Егемен елдің басты күші – ынтымақтастық. Бүгінгі мереке осы құндылықтарды еске салады. Тәуелсіздік күні – баршамызға ортақ мақтаныш. Еліміз тыныш, бірлігіміз бекем болсын.

Қуанышбек Албаев- Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі