Бұл ұстанымдар тек мемлекеттік саясатта ғана емес, күнделікті өмірдегі қарым-қатынаста да айқын көрінуі тиіс. Әрбір азамат өзінің әрекетімен қоғамдағы татулықтың артуына үлес қосады.
Көпұлтты ортада өмір сүру жоғары мәдениетті қажет етеді. Өзге ұлттың тіліне, дәстүріне, көзқарасына құрметпен қарау – шынайы келісімнің негізгі шарты. Осындай ортада өзара сенім берік қалыптасып, қолдау мен түсіністік күшейе түседі.
Бірлік – өздігінен келетін құбылыс емес, тұрақты еңбек пен жауапкершілікті талап ететін игілік. Сондықтан халықтар достығын сақтау – барша қоғамның ортақ борышы.
Ляззат Адилова-Зеренді аудандық ауруханасының лаборанты
