«1414» бірыңғай байланыс орталығында «уәкілетті органға өтініш беру» батырмасы бар. Онда азаматтар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бойынша пікір, шағым, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту жөнінде ұсыныс енгізе алады.
Осылайша, Департаментке мемлекеттік қызмет алу кезінде техникалық ақауларға тап болған азамат жүгінді. Өтініш берушімен Департаменттің жауапты мамандары кері байланыс орнатып, тиісінше түсіндірме кеңес берді. 

Нәтижесінде азамат сол күні «Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алды.