Әрбір тарихи сәттің артында үлкен жауапкершілік жатқанын жақсы түсінемін. Жақында Президенттің референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қоюы — ел өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі деп ойлаймын. Бұл жай ғана құжат емес, халықтың пікірін сұрауға жасалған нақты қадам.
Әрине, бізге ең алдымен тұрақтылық пен тыныштық керек. Бірақ заман өзгеріп жатыр, қоғам да дамып келеді. Сондықтан кейбір мәселелерді халықтың өзі шешуге қатысқаны дұрыс деп есептеймін. Референдум — соның бір көрінісі.
Дегенмен, кез келген өзгеріс асығыс қабылданбауы тиіс. Біз үлкендер өткеннен сабақ алдық: әр шешімнің салдары болады. Сондықтан халыққа барлық ақпарат ашық әрі түсінікті жеткізілсе, әр адам саналы түрде таңдау жасай алады.
Менің тілегім — ел ішінде бірлік сақталсын. Әркім өз ойымен бөлісіп, бірақ бір-біріне құрметпен қараса екен. Болашағымыз жарқын болуы үшін бәріміз де жауапкершілікпен қарауымыз керек.
Қуанышбек Албаев – Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі
