Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында екі елдің мәдениынтымақтастығына қатысты жаңа жобалар талқыланды

Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Қазақстан Республикасының Ұлттықмузейінде «Мәдени дәстүрлерді біріктіру және заманауи шығармашылық тәжірибелер: Қазақстан мен Ресейдің мәдени ынтымақтастығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жиынға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Ресей Федерациясы мәдениет министрінің орынбасары Андрей Малышев, сондай-ақ екі елдің музей, театр, білім беру және кино саласындағы кәсіби қауымдастық пен концерттік ұйымдарының өкілдері қатысты.

Аида Балаева Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынаста мәдениынтымақтастықтың айрықша маңызға ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, тараптарбірлескен көрмелер ұйымдастырып, кинофестивальдер өткізіп, өнер ұжымдарыныңгастрольдерін жолға қойып келеді. Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимылдың жаңа тетіктерін бірлесе іздестіріп отыр.

«Кездесулеріміздің дәстүрлі сипат алып келе жатқаны өте маңызды. Осыдан бір жыл бұрын да осындай дөңгелек үстелде бас қосып, ынтымақтастықтың келешегін талқылағанедік. Бүгінде мәдениет саласының іс жүзіндегі барлық бағыты бойынша нақты нәтижелертуралы нық сеніммен айтуға толық негіз бар. Бұл музей және архив ісінен бастап, театрлармен концерттік ұйымдар арасындағы байланыстарға дейінгі кең ауқымды қамтиды. Мұныңбәрі осындай диалогтың нақты нәтиже беретінін әрі мәдени-гуманитарлықбайланыстарымызды мазмұндық тұрғыдан байытып, кеңейтуге жол ашатынын көрсетеді. Бүгінгі кездесу де өзара ұстанымдарды тағы бір пысықтап, жаңа бастамалар ұсынуға және бірлескен іс-шаралар аясын кеңейтуге мүмкіндік береді», – деді Аида Балаева.

Өз кезегінде Андрей Малышев те Ресей тарапы Қазақстанмен мәдени байланыстардыдамытуға ерекше мән беретінін айтты.

«Біз Қазақстанмен мәдениет пен өнер саласындағы ынтымақтастыққа айрықша мәнбереміз. Бауырлас Қазақстан Ресейдің мәдениет қайраткерлерін ерекше ықыласпен қарсыалып келеді. Бұл екі елді ортақ мәдени кеңістік, рухани құндылықтардың сабақтастығыбайланыстырып отырғанын тағы бір мәрте айғақтайды. Сондай-ақ, Ресейде өткенҚазақстан мәдениеті күндерін де ыстық ықыласпен еске аламыз. Ол маңызды оқиғағаайналып, шығармашылық байланыстарымыздың жоғары деңгейін танытты. Бүгін біз үшін алдағы жылдардағы өзара ықпалдастықтың келешегін талқылау аса маңызды. Әсіресемузей ісі, театр саласы, білім беру, кітапхана ісі және ынтымақтастықты нақты мазмұнменбайыта алатын өзге де бағыттар бойынша пікір алмасу қажет», – деді Андрей Малышев.

Дөңгелек үстелде музей ісіне басымдық берілді. Қазақстан Республикасының Ұлттықмузейі мен І Петр атындағы Антропология және этнография музейі қазақ этнографиялықматериалдарының каталогын бірлесіп әзірлеу жөнінде келісімге келді. Бұдан бөлек, Мемлекеттік Эрмитажбен бірлесіп, 2027 жылдың күзіне жоспарланған жаңаархеологиялық көрмелер мен өзара экспозициялар дайындау жұмыстары жүргізіліпжатыр.

Ал, биыл күзде Қазақстан Республикасы Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнермузейінде Мемлекеттік Третьяков галереясы қорынан алынған туындылар ұсынылатын«ХХ век русского искусства в 30 шедеврах» атты көрме ашылады.

Сонымен қатар реставрация саласындағы әріптестік те жандана түсті. Қазақстан тарапыосы бағыттағы мамандардың Ресей орталықтары базасында тағылымдамадан өтубағдарламаларын жалғастыруға, сондай-ақ шекаралас аумақтардағы музейлерменкаталогтау және архив ісі бойынша бірлескен жұмысты тереңдетуге дайын екенін білдірді.

Киноиндустрияда фестивальдік көрсетілімдерден гөрі фильмдерді бірлесіп түсіру мен ілгерілетуге басымдық беріле бастады. «РОСКИНО» өкілі ортақ практикалық жобалардыжүзеге асыруға қызығушылық танытты. Ал, «Қазақфильм» ұлттық киностудиясыдайындық кезеңі аяқталуға жақын қалған «Время» фильмі бойынша жұмыстыжалғастыруға әзір екенін растады. Түсірілім жұмыстары Қазақстан мен Ресей аумағындаөтеді деп жоспарланып отыр. Сонымен бірге Ресейдің Мемлекеттік киноқорында сақталғанқазақ киносының құнды мұрасын цифрландыру ісі қатар жүргізіліп жатыр.

Кездесу барысында жас ресейлік және қазақстандық композиторлар арасындағы кәсіби тәжірибе алмасу мәселелері де сөз болды. Сондай-ақ, джаз музыкасын дамытуға басымдықберу және концерттік алаңдар арқылы өзара ықпалдастықты жетілдіру жолдары талқыланды. Хореография өнерін өркендету мәселесіне де ерекше назар аударылды. Бұл бағытта бірлескен білім беру бастамаларын, тағылымдама бағдарламаларын, шеберліксабақтарын жүзеге асыру, сондай-ақ екі елдің бейінді академияларында қос дипломдыдаярлау жүйесін енгізу перспективасы қарастырылды.

Жиын соңында Аида Балаева айтылған барлық ұсыныс алдағы жұмыстың өзегінеайналатынын жеткізді. Сондай-ақ, ол 2027-2028 жылдарға арналған өзара іс-қимылжоспары барлық тараптың нақты ұсыныстарымен толыға түсетініне сенім білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен РесейФедерациясының Ресей этнографиялық музейі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат тақырыптық каталогтарды бірлесіп әзірлеуді, ғылымижәне әдістемелік бағыттарды дамытуды, сондай-ақ суретшілер, реставраторлар және музей ісінің өзге де мамандары арасындағы байланысты нығайтуды көздейді.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1207262?lang=kk