Көкшетау қаласының прокуратурасымен «Қауіпсіз қала» жобасы іске асырылуда
«Қауіпсіз қала» жобасын іске асыру аясында қала прокуратурасы Полиция басқармасы және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейтуге және қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.
Қоғамдық орындарда, оның ішінде ойын-сауық мекемелерінде құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыс жанданып, алкоголь өнімдерінің айналымын реттейтін заңнаманың сақталуына бақылау күшейтілді.
Сонымен қатар, тұрмысы қолайсыз отбасыларды анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, олардың барысында қиын өмірлік жағдайдағы балалар анықталды. Уәкілетті органдар тарапынан тиісті шаралар қабылданды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде бүгінгі күні қала аумағында кәмелетке толмағандар арасындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар 35%-ға төмендеді.
Сонымен қатар, жалпы қылмыс деңгейі 9,5%-ға, интернет-алаяқтық 22%-ға, ұрлықтар 9,8%-ға, тонау 66,7%-ға, бұзақылық 100%-ға төмендеді.
