Ол болашаққа апарар сенімді жол болып табылады. Келісім арқылы халық бір мақсатқа жұмылады. Тату елдің болашағы әрқашан жарқын болады. Қазақстан – келісімді қоғамның үлгісі. Мұнда әр түрлі халықтар бір шаңырақ астында тату өмір сүріп жатыр. Бұл – елдегі тұрақтылықтың белгісі. Келісім болмаса, даму болмайды. Халықтың пікірі, көзқарасы әртүрлі болуы мүмкін, бірақ ортақ мақсат – елдің өркендеуі. Сондықтан келісім – әрбір азамат үшін маңызды. Ол отбасынан, мектептен басталады. Егер балалар келісімді бағалап өссе, ертең қоғамда түсіністік көп болады. Бүгінгі татулық – ертеңгі ұрпақтың игілігі. Келісім – әрбірімізді ортақ болашаққа жетелейтін құндылық.
Қ. Албаев — Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы
