Қазақстанда түрлі этнос өкілдері татулықта өмір сүріп жатыр. Бұл достық – келер ұрпаққа үлгі. Әр халық өз мәдениетін сақтай отырып, ортақ Отанымыздың дамуына үлес қосуда. Бұл – достықтың нақты көрінісі. Жастар үлкендерден осы татулықты үйренуі керек. Өйткені достық пен ынтымақ болашақтың іргесін бекітеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы да осы достықты нығайтуға қызмет етіп келеді. Бейбіт өмірдің қадірін білу – әр азаматтың парызы. Әлемдегі кейбір елдерде ұлтаралық қақтығыстар болып жатады. Біз мұндайдан аманбыз, себебі халқымыз бірлікті бағалайды. Достық – халықтар арасындағы алтын көпір. Ол болашақ ұрпаққа жол көрсетіп, татулыққа тәрбиелейді. Халықтар достығы – Қазақстанның ең үлкен жетістігі. Мұны сақтап, болашаққа аман жеткізу – біздің міндетіміз.
О. Бекішев — Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі