Ол жүректерді жалғап, адамдарды бір-біріне жақындатады. Досы бар адам ешқашан жалғыз қалмайды. Өмірдің қиын сәттерінде достың қолдауы ерекше күш береді. Достық тек қуанышта емес, қайғыда да сыналады. Шынайы достықта сенім мен сыйластық алдыңғы қатарда тұрады. Досыңды сыйлау арқылы өзіңді сыйлаған боласың. Қазақ халқы «Досы көпті жау алмайды» деп бекер айтпаған. Достық – халықтар арасындағы да алтын көпір. Қазақстанда түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Бұл да халықтар арасындағы достықтың көрінісі. Әрбір этнос өз салтын сақтай отырып, ортақ Отанға қызмет етеді. Достық арқылы бейбіт өмір орнайды. Жастарды да достыққа, ынтымаққа тәрбиелеу – біздің міндетіміз. Достық болмаса, қоғамның берекесі қашады. Сондықтан да әрбіріміз досты қадірлеуіміз керек. Жүректерді жалғаған достық – мәңгілік құндылық.
Д. Жетпісов — Зеренді ауданы жастар ресурстық орталығының басшысы
