Егер қоғамда келісім орнаса, әрбір азамат өзін қауіпсіз әрі сенімді сезінеді. Қазақстан көпұлтты ел болғанымен, барлығы келісімде өмір сүріп жатыр. Бұл – еліміздің ең үлкен жетістігі. Ортақ шаңырақта тату болу – бауырмалдықтың белгісі. Келісім бар жерде береке болады. Келіспеушілік болса, елдің іргесі шайқалады. Сондықтан әрбір қазақстандық татулықты сақтауға үлес қосуы қажет. Отбасындағы келісім – қоғамдағы татулықтың бастауы. Қазақ халқы үлкенді сыйлау, кішіні құрметтеу арқылы ұрпағын келісімге тәрбиелеген. Бұл дәстүр бүгінгі күні де өз мәнін жойған жоқ. Ортақ шаңырағымыздың биік болуы – келісімнің арқасы. Келісімді сақтау – барлығымыздың міндетіміз.
З. Қазияқпарова — Зеренді ауданы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары
