Досы бар адам ешқашан жалғыз қалмайды. Адамдар бір-біріне адал болса, қоғам да бейбіт өмір сүреді. Достық арқылы түсіністік қалыптасады. Қазақ халқы достықты қашан да жоғары қойған. «Дос жылатып айтады» деген сөз оның шынайылығын білдіреді. Достық – елдердің арасындағы да ынтымақтастықтың бастауы. Қазақстандағы ұлттар достығы – еліміздегі татулықтың негізі. Әрбір этнос дос ретінде бір-біріне құрметпен қарайды. Бұл достықтың арқасында халықтың бірлігі сақталуда. Достық болмаған жерде татулық та болмайды. Сондықтан достықты дамыту – қоғамның басты міндеті. Достық – өмірді мәнді ететін қасиет. Ол татулықтың бастауы болып қала береді.
С . Қалиева — волонтер
