Адамдар бір-бірін құрметтеп, түсіністікпен қараса, өмір сүру жеңілдейді. Бұл – мәдениеттің бір көрінісі. Қазақстан халқы ғасырлар бойы өзара татулықта өмір сүріп келеді. Қазіргі таңда да бұл дәстүр жалғасуда. Келісім мәдениеті – әр азаматтың санасында қалыптасуы тиіс ұстаным. Ол адамдардың қарым-қатынасынан басталады. Кикілжіңді шешудің ең дұрыс жолы – келісімге келу. Бұл – өркениетті қоғамның белгісі. Қазақстанды әлем елдері бейбітшіліктің мекені деп бағалайды. Себебі бізде келісім мәдениеті қалыптасқан. Ол болашақ ұрпаққа жол көрсетеді. Жастар осыны үлгі етіп өсуі керек. Келісім мәдениеті – тұрақты даму мен болашақтың кепілі.

А. Гизат- волонтер