Қазақ халқы «Бірлік бар жерде тірлік бар» деп бекер айтпаған. Ел ішінде татулық болса, халықтың тұрмысы жақсарады. Бірліксіз елдің болашағы бұлыңғыр болады. Қазақстанда көптеген этнос өкілдері өмір сүріп жатыр. Олардың барлығы бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешуде. Бұл – біздің бірлігіміздің нәтижесі. Бірлік халықты биікке жетелейді. Келісім – әр ұлттың өзара сыйластығы. Осындай ынтымақ арқылы мемлекетіміздің еңсесі көтерілуде. Әлем елдері Қазақстанға татулық пен келісімнің үлгісі ретінде қарайды. Бұл – үлкен мақтаныш. Біз болашақта да осы құндылықтарды сақтап, ұрпаққа аманат етуіміз керек. Бірлік пен келісім бар жерде, елдің абыройы арта береді. Халқымыздың табысы мен жетістігі осыдан бастау алады.
С. Баймурзин — Зеренді ауданы Билер алқасының бас биі
