Ынтымақ – бейбіт өмірдің негізгі кепілі. Егер халық бір-бірімен ынтымақта болса, қоғамда тыныштық орнайды. Қазақ халқы әрқашан ынтымақты жоғары бағалаған. «Ырыс алды – ынтымақ» деген мақал осыны дәлелдейді. Ынтымақты елдің бағы артады, мерейі өседі. Қазақстанда түрлі ұлт өкілдері ынтымақпен өмір сүріп келеді. Бұл біздің ең үлкен байлығымыз. Ынтымақсыз елдің күні қараң. Себебі алауыздық адамды әлсіретеді. Халықтың күш-қуаты бірлікте. Бейбіт өмір – ынтымақтан бастау алады. Әр отбасы, әр ауыл ынтымақты сақтаса, мемлекет те берік болады. Ынтымақты қастерлеу – әрбіріміздің парызымыз. Халықтың татулығы – елдің тұрақтылығы. Сондықтан ынтымақты сақтау – болашаққа салынған сара жол.
Л. Адилова — Зеренді аудандыш емханасының фельдшер — лаборанты
